Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғандағы мешітте имамды ұрып кетті

Опубликовано:

Молда
Көрнекі фото: qamshy.kz

Талдықорғанда діни қызметкерді ұрғаны үшін деструктивті діни ағымның жақтаушысы қамауға алынды. Сот отырысында 33 жастағы ер адам кінәсін мойындап, өз ісіне өкінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, маусым айының басында қалалық мешіттегі діни рәсім кезінде жергілікті имам мен деструктивті ағым жақтастарының арасында түсініспеушілік туындаған.

Ал рәсім аяқталған соң ер адамдардың бірі дін өкілін ұрып-соққан. Зардап шеккен имам медицина қызметкерлеріне жүгінуге мәжбүр болған.

Мешіттегі жайттан кейін тәртіп сақшылары жас жігітті анықтап, қолға түсірді.

"Құқық бұзушы облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны болып шықты, ол - деструктивті діни ағымның жақтаушысы. Аталған факті бойынша ӘҚБтК 73-1-бабында (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) көзделген материал жиналды.

Жақында Талдықорған ауданаралық әкімшілік соты ер адамға қатысты 7 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды. Сот отырысы барысында ол өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді",-деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976651-taldyqorgandagy-mesitte-imamdy-uryp-ketti/

pixel