Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, алаяқтық жасаған күдіктілер ұсталды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: piqsels.com

Екібастүзда өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, алаяқтық жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Ведомсво дерегінше, алаяқтқ жасаған үш күдікті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында анықталып, қолға түскен. Олардың бірі бұрын сотталған Павлодар облысының тұрғыны болып шыққан.

Күдіктілер өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, көшедегі азаматтарға құжаттарды тексеру сылтауымен жақындаған. Әрі қарай ақпараттық жүйелердің көмегімен банк қосымшаларында биометриялық деректерді қолдану арқлы сәйкестендіруден өтіп, азаматтарға тауарлық және қолма-қол несие ресімдеген.

"Қазіргі уақытта күдіктілердің Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында 8 фактіге қатысы бар екені анықталды. Сондай-ақ, ұсталғандардан полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді", – деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы мен 390-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкерлері азаматтарды кезекті рет қырағы болуға және құжаттарды мұқият тексеруге шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976652-ekibastuzda-ozin-policiya-qyzmetkeri-retinde-tanystyryp-nesie-rasimdegen-kudiktiler-ustaldy/

pixel