Нұр-Сұлтанда жеке кәсіпкер колонияға 8 телефон алып кірмек болған
Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда жеке кәсіпкер колонияға 8 телефон алып кірмек болған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/5 мекемесіне жеке кәсіпкер тыйым салынған заттарды алып кірмек болған.
Яғни, ол мекемеге құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жеткізілген бөшкенің ішіне 8 телефон, телефон қуаттағыш, sim-карталар, құлаққап және тағы басқа да заттарды жасырған. Алайда ол өз ісін жүзеге асыра алмады.
Аталған жайт бойынша Аршалы кенті полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақыртылды. Қазіргі таңда тыйым салынған заттар қай сотталушыға берілмек болғаны анықталып жатыр. Анықталған жағдайда азаматтар заңнамаға сәйкес тәртіптік жазаға тартылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976654-nur-sultanda-zeke-kasipker-koloniyaga-8-telefon-alyp-kirmek-bolgan/