Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттері жұмысын уақытша тоқтатты

Опубликовано:

шекара бекеті
Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттері жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

"2022 жылғы 1 шілдеден бастап өзбек әріптестерінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ақпараттық жүйенің істен шығуына байланысты Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы "Даут-ата" - "Тәжен" (автомобильдік) өткізу пунктінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды.

Осы ақпарат бойынша "Каракалпакия" – "Бейнеу" бағытында теміржол қатынасы тоқтатыла тұруы мүмкін.

Осыған байланысты аталған өткізу пункттері арқылы мемлекеттік шекарадан өтетін азаматтар өз маршруттарын алдын ала жоспарлауын сұраймыз", - делінген ҰҚК хабараламасында.

Сонымен қатар ведомство өзбек тарапы өткізу пункттерінің жұмысын қайта бастағаны туралы қосымша хабарланатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976691-qazaqstan-ozbekstan-sekarasyndagy-otkizu-punktteri-zumysyn-uaqytsa-toqtatty/