Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қант үшін ұзын-сонар кезек": Семей әкімдігі желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

дүкенде болған жағдай
Видеодан кадр: arnapress.kz

Желіде Семейдегі супермаркеттердің бірінде тұрғындардың ұзын-сонар кезекте тұрғаны бейнеленген видео тарады. Бұл видеоға қатысты қалалық әкімдік пікір білдірді, деп хабарлайды Arnapress.kz.

Басылымның жазуынша, бұған дейін Семей қаласының тұрғыны редакцияға жергілікті супермаркетте түсірілген видео жіберген.

Онда қалың жұрттың қант сатып алу үшін ұзын-сонар кезекте тұрғаны көрінеді.

Видео авторының айтуынша, қант бір адамға тек үш келіден берілген, сондықтан кейбір тұрғындар дүкенге жанұясымен келген.

Ал басылымның дерегінше, мұндай ұзын-сонар кезекке сауда орнында қанттың келісі 495 теңгеден сатылып жатқаны себеп болған. Басқа дүкендерде оның бағасы 800-1000 теңгеге дейін жеткен.

Видеоға қатысты Семей әкімдігі пікір білдірді. Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі таңда қант жеткізудің кешеуілдеп жатқаны өндіруші зауыттар өнімдерін тиеуге қатысты туындаған проблемаларға байланысты.

"Зауыттардың басшылығы қантты қаланың көтерме жеткізушілеріне тез арада жөнелту бойынша жұмыс жүргізді.

Қантқа қатысты жағдайды тұрақтандыру үшін бірқатар шаралар қабылдануда: 5 шілдеде "ИП" көтерме фирмасына (Қант орталығы) қант тиелген вагон келеді, осыдан кейін қаланың сауда орындарына жеткізіледі; 20 шілдеге дейін қант тиелген тағы үш вагон келеді деп күтілуде.

Семей қаласын қантпен қамтамасыз ету үшін өңірлік тұрақтандыру қорынан қосымша қант жеткізу туралы өтініш жасадық", − дейді қалалық әкімдіктен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976760-semeide-supermarkette-uzyn-sonar-kezekte-turgan-turgyndardyn-videosy-tarady-akimdik-bugan-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel