Қатты жаңбыр, аптап ыстық, дауыл: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК 4 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Қазақстанның басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.
Осыған байланысты ел аумағында жаңбыр, солтүстік-батыста қатты жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі, дауыл, батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста және солтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
Сондай-ақ Ақтөбе облысында түнде орталығында, күндіз шығысында қатты жаңбыр жауады.
4 шілдеде еліміздің шығыс бөлігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Одан бөлек күндіз Алматы, Жетісу, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі.
Ал Қызылорда, Абай облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығы мен батысында, Алматы облысының солтүстігінде өрт қаупі сақталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976761-qatty-zanbyr-aptap-ystyq-dauyl-bugin-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/