Талдықорғанда қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды
Опубликовано:

Талдықорғанда қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Ақпаратты Алматы облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Талдықорғанда қоқыс жәшігінен сәбидің денесі табылғаны туралы ақпарат 4 шілде күні әлеуметтік желіде пайда болған.
"Сәбидің денесін таңғы сағат 7-лер шамасында аула сыпырушы тауып алып, полицияға хабарлаған. Қазіргі уақытта оның денесі мәйітханаға жіберілді. Нәресте жаңа туған. Қыз бала", - дейді ведомствоның баспасөз қызметінен.
Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Еске сала кетсек, биыл сәуір айында Қостанай қаласындағы базарлардың бірінің аумағынан өлі сәби салынған пакет табылған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976839-taldyqorganda-qoqys-konteinerinen-zana-tugan-narestenin-denesi-tabyldy/