Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Facebook-те бейтаныс жігітпен сөйлескен шымкенттік 17 млн теңгесінен айырылып қалды

Опубликовано:

Facebook
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент тұрғыны әлеуметтік желіде бейтаныс жігітпен сөйлесіп, 17 миллион теңгесінен айырылып қалды. Оқиғаның мән-жайын қалалық полиция департаменті Facebook желісіндегі ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жәбірленуші әйел полицияға алаяқ құрбаны болғаны туралы арызбен жүгінген.

Айтуынша, Facebook әлеуметтік желісінде өзіне халықаралық компанияның атын жамылып жазған белгісіз азамат биржа нарығында оның ақшасын еселеп беруге уәде еткен.

Бейтаныс адамға сеніп қалған тұрғын "бағдарламаға" қомақты қаржы салып, 17 миллион теңгеден астам шығынға батқан.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі бойынша (аса ірі көлемдегі алаяқтық) тіркелген. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда полицейлер күдіктілерді іздестіріп жатыр.

Осы орайда Шымкент қалалық полиция департаментің өкілдері бұл интернетте алаяқтық жасаудың жаңа түрі екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976851-facebook-te-beitanys-zigitpen-soilesken-symkenttik-17-mln-tengesinen-aiyrylyp-qaldy/

pixel