Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға оралған қандастардың көбі қай елден келеді: Министрлік ақпарат ұсынды

Опубликовано:

Жолаушылар әуежайда отыр
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

2022 жылдың басынан 1 шілдеге дейін 7 415 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 95,3 мың этникалық қазақ оралған.

Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (70,2 пайызы) Өзбекстаннан, 10,4 пайызы– Қытайдан, 7,4 пайызы – Түрікменстаннан, 3,2 пайызы – Моңғолиядан және 8,8 пайызы басқа елдерден қоныс аударған.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31,6 пайызы), Маңғыстау (18,3 пайыз), Түркістан (9,8 пайыз) және Жамбыл (6,3 пайыз) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,7 пайыз), Нұр-Сұлтан (7,1 пайыз) және Шымкент (8,1 пайыз) қалаларына қоныстанды.

"Биыл 1 шілдеге дейін еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 62 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші қоныс аударушылар саны 24,1 пайыз және зейнеткерлер саны 13,9 пайызды құрады", - делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, еңбекке қабілетті жастағы қандастардың 11,4 пайызы жоғары білімді, 40,3 пайызы орта кәсіби білімді, 47 пайызы жалпы орта білімді және 1,6 пайызының білімі жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976871-qazaqstanga-oralgan-qandastardyn-kobi-qai-elden-keledi-ministrlik-aqparat-usyndy/

pixel