Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің әскери гарнизондарында 825 млн теңгеге жуық қаржы жымқыру дерегі анықталды

Опубликовано:

Жауынгерлер
Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігі

Бас әскери прокуратура Қазақстанның төрт гарнизонында 825 миллион теңгеге жуық қаражатты жымқыру дерегі анықталғанын хабарлады. Ақпарат қадағалау органының ресми сайтында жария болды.

Ведомствоның хабарлауынша, әскери прокуратура органдары Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексеру жүргізуде.

"Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында шамамен 825 млн теңгедей сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша сот алды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды", - делінген Бас әскери прокуратураның хабарламасында.

Тергеу жүргізуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүзеге асырады. Қадағалаушы орган өзге ақпараттың тергеу мүдделеріне байланысты жария етілмейтінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976879-elimizdin-askeri-garnizondarynda-825-mln-tengege-zuyq-qarzy-zymqyru-deregi-anyqtaldy/

pixel