Коронавирус: Алматы "сары" аймаққа өтті
Опубликовано:

Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал нашарлады. Қала инфекцияның таралу қарқыны бойынша "сары" аймаққа енді. Мұндай мәлімет Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайтында келтірілген.
4 шілдеде Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Алматы "сары" аймақта тұрған жалғыз қала.

Еске сала кетсек, 3 шілдеде елімізде 158 адамнан коронавирус анықталған болатын. Вирус жұқтырғандардың 88-і Алматы қаласында тіркелген.
Айта кетейік, бұған дейін COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысы өткен еді. Жиында елдің кез келген аймағы "сары" аймаққа өткен жағдайда қандай шара қабылданатыны талқыланған болатын.
Сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде эпидемиологиялық жағдай ушықса, маска режимі қайта енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976891-koronavirus-almaty-sary-aimaqqa-otti/