Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында тас жолда көкпар ұйымдастырғандар жазаланды (видео)

Опубликовано:

Көкпар
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_tdk

Әлеуметтік желіде Талдықорған мен Текелі арасындағы тас жолдағы көкпардың видеосы пайда болды. Бейнежазбаға қатысты Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Көкпар - өте танымал ойын екенін түсінемін, бірақ өзіңнің және жүргізушілердің басын қатерге тігіп, тас жолда ойнудың не қажеті бар?", - дейді жазба авторы.

Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Ескелді ауданы Жетісу ауылы маңындағы жол жиегіне шығып кеткен көкпарды ұйымдастырушылар мен оған қатысушылары анықталғанын хабарлады.

"Құқықбұзушыларға қатысты ӘҚБтК 614-бабы бойынша (Көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасау) әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады ведомстводан.

Осы ретте полиция көкпаршылардың көліктерге немесе басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қандай да бір зақым келтірмегенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976920-zetisu-oblysynda-tas-zolda-kokpar-uiymdastyrgandar-zazalandy-video/

pixel