Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда Астана күніне орай отшашу бола ма: Әкімдік жауап берді

Опубликовано:

Отшашу
Көрнекі фото: pixabay.com

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында Астана күніне орай отшашу болмайды. Алайда елорданың 24 жылдығына орай бірқатар шара өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана күнінде қалада бірқатар әлеуметтік нысанның (кезекте тұрғандарға пәтер кілттерін тапсыру), зауыттың, сквердің, қоғамдық кеңістіктің, 80-нен астам аула аумақтарының және тағы басқаларының ашылуы өтеді.

Сонымен қатар осы күнге орай қаланың бірқатар ведомстволық бағынысты ұйымдары концерттер, спорттық турнирлер, көрмелер ұйымдастырады.

Іс-шаралардың толық тізімімен осы сілтемеге өту арқылы танысуға болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов үкімет кулуарында елордаға "Астана" атауы қайтарылуы мүмкін бе және Астана күні қайтадан 10 маусымға ауыстырыла ма деген сауалға жауап берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977015-nur-sultanda-astana-kunine-orai-otsasu-bola-ma-akimdik-zauap-berdi/

pixel