Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда атауы қайта "Астанаға" өзгертіліп, мереке басқа күні тойлануы мүмкін бе

Опубликовано:

Елорда
Фото: astana.gov.kz

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов үкімет кулуарында елордаға "Астана" атауы қайтарылуы мүмкін бе және Астана күні қайтадан 10 маусымға ауыстырыла ма деген сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тоғжановтың сөзінше, қазіргі уақытта Астана күнін тойлау датасын ауыстыру мәселесі қарастырылып отырған жоқ.

"Нұр-Сұлтан қаласының туған күнін жыл сайын қалай атап өтсек, солай атап өте береміз. Өздеріңіз білесіздер, бізде көптеген іс-шара жоспарланған. Олар 1 шілдеден бастап жоспарлы режимде өтеді. Бұл Домбыра күні, Астана күніне арналған Қазақ барысы. 1-8 шілде аралығында ұйымдастырылатын іс-шараның барлығы Астана күні аясында өтеді", - деді премьер-министрдің орынбасары.

Қала күні мен Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні сәйкес келетінін айтқан журналистерге Тоғжанов "Біз бір адамның туған күнін емес, Астана күнін тойлаймыз" деп жауап берді.

Сонымен қатар Ералы Тоғжановқа қандай жағдайда шаһарға "Астана" атауы қайтарылуы мүмкін деген сауал қойылды.

"Мен әзірге бұған ешқандай себеп көріп тұрған жоқпын", - деді Тоғжанов.

Еске сала кетсек, бұған дейін депутаттар елорда күнін тойлау датасы қайта қаралуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977016-elordanyn-atauy-qaita-astana-dep-ozgerip-qala-kuni-basqa-dataga-auysuy-mumkin-be/

pixel