Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда McDonald’s мейрамханалар желісі жұмысын уақытша тоқтатты

Опубликовано:

Бургер мен фри
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда McDonald's мейрамханалар желісі жұмысын уақытша тоқтатты. Әлеуметтік желіде азаматтар тапсырыс беру немесе тамақ сатып алу мүмкін емес деген шағым жасауда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде мейрамханалар желісі жұмысын тоқтатқанын айтып, наразылығын білдірді.

"Түнде тапсырыстан бас тартты", "Неге барлық нүктесі жабылып жатыр?", "Жабылғаны рас па?", "Екінші мейрамханасы жабылып қалды. Не болып жатыр?", - деді олар.

Осы ретте McDonald's Instagram желісіндегі ресми парақшасында мейрамханалар желісі қазіргі уақытта жұмыс істемей тұрғанын растады.

"McDonald's мейрамханалар желісі техникалық себептерге байланысты уақытша жұмыс істемейтінін хабарлаймыз. Біз туралы жаңалықтарды қадағалап жүріңіздер, мейрамханалар қашан жұмыс істейтінін қосымша хабарлайтын боламыз", - делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977040-qazaqstanda-mcdonalds-meiramxanalar-zeli-zumysyn-toqtatty/

pixel