Антикор елордалық ТЖД-ның басқарма басшысына қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады
Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысына қатысты сотқа дейінге тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ведомство Telegram-дағы ресми каналында хабарлады.
Антикоррупциялық қызметтің мәліметінше, елордалық ТДЖ-ның басқарма басшысы "Қ.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадион" объектісін апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін компания директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде.
Агенттік тергеу жалғасып жатқанын, күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, соңғы шешімді сот қабылдайтынын атап өтті.
Сондай-ақ ведомство өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайтынын жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977087-antikor-elordalyq-tdz-nyn-basqarma-bassysyna-qatysty-tergeu-zurip-zatqanyn-xabarlady/