Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бос жұмыс орны туралы ақпаратты жасыруға тырысады": Аймағамбетов мектеп директорларына ескерту жасады

Опубликовано:

Асхат Аймағамбетов
Фото: primeminister.kz

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бүгін, 5 шілдеде өткен аппарат жиналысында мектеп директорларының мұғалімдерді қызметке қабылдауына қатысты жұмысын сынға алды. Бұл туралы министрліктің ресми Telegram-каналы мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство басшысы мектептердегі бос жұмыс орыны туралы ақпараттың уақытылы жарияланбайтынына назар аударған.

"Кей мектеп директорлары бос жұмыс орындары туралы ақпаратты уақытылы жарияламайды немесе жасыруға тырысады. Алайда педагоктерді жұмысқа қабылдаудың заңда бекітілген тәртібі мен жауапкершілігі бар.

Бос орындар туралы ақпарат бес күннен кешіктірілмей жарияланып, конкурс арқылы білікті мұғалімдерді ғана жұмысқа қабылдау керек.

Осы тәртіпті бұзған мектеп басшылары әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертемін", - деген Асхат Аймағамбетовтың сөзін министрліктің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде жарияады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977107-bos-zumys-orny-turaly-aqparatty-zasyruga-tyrysady-aimagambetov-mektep-direktorlaryna-eskertu-zasady/

pixel