Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараз бен Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың көшбасшысы деген күдікпен 14 адам ұсталды

Опубликовано:

ҰҚК
Кадр: ҰҚК ұсынған видеодан алынды

ҰҚК мен ІІМ-нің бірлескен арнайы операциясы кезінде күдікті ретінде Тараз бен Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 көшбасшы мен белсенді мүшелері ұсталған. Бұл туралы ҰҚК ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылы 30 маусымда ҰҚК мен ІІМ бірмезгілде Тараз және Шымкент қалаларында "А" және "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жұмылдырылуымен еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі криминогендік жағдайға теріс әсер етіп келген ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз іс-әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция өткізген.

ҰҚК бұл мақсатта алдын-ала жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралардың толық кешені мұқият жүргізілгенін атап өткен.

Ведомствоның хабарлауынша, қылмыстық топ мүшелерінің тауарлы-материалдық құндылықтарды аса ірі мөлшерде ұрлауға және кәсіпкерлерден ақша қаражатын бопсалауға қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жиналған.

Арнайы операцияның нәтижесінде күдік ретінде қылмыстық топтың 14 көшбасшысы мен белсенді қатысушылары ұсталған.

"Процессуалдық іс-шаралар барысында қару-жарақ арсеналы, қомақты ақша сомасы, сондай-ақ тергеу үшін қызығушылық тудыратын құжаттық материалдар табылып, тәркіленді", - делінген ҰҚК таратқан ақпаратта.

Ведомство қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын, ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977111-taraz-ben-symkentte-qylmystyq-toptyn-belsendi-qatysusysy-retinde-kudikke-ilingen-14-adam-ustaldy/

pixel