Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Текеліде лай көшкіні салдарынан қаза тапқан 5 жасар қыздың анасына пәтер берілді

Опубликовано:

Текелідегі лай көшкіні
Текелі қаласы. Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Текелідегі лай көшкінінен зардап шеккен Гүлнар Тілеухан екі бөлмелі пәтерге қоныстанды. Сол апаттан оның бес жасар қызы қаза тапқан болатын, деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, баспана мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен берілген. Пәтерді тұрмыстық техникамен, жиһазбен жабдықтауға Алматы және Жетісу облысы әкімдігі қолдау көрсеткен.

"Алла бұйырып, екі бөлмелі баспана берді. Қазір көңіл-күйім орташа. Бәріңізге алғысым шексіз Алланың нұры жаусын. Жақсылық болсын. Амандық тілеймін", – дейді Жетісу облысының тұрғыны Гүлнар Тілеухан.

Сондай-ақ телеарнаның хабарлауынша, Текелідегі лай көшкінінен зардап шеккен басқа да отбасы уақытша баспанамен қамтылған.

Одан бөлек әр жанұяға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем берілген.

Еске сала кетейік, осыдан 1,5 ай бұрын Текеліде сел жүріп, салдарынан 10 шақты үй бүлініп, 1 үй түгел қирап қалған еді.

Лай көшкіні салдарынан 5 жасар қыз жоғалып кетіп, артынан оның денесі табылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977113-tekelide-lai-koskini-saldarynan-qaza-tapqan-5-zasar-qyzdyn-anasyna-pater-berildi/

pixel