Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да балық аулап отырған ер адам күтпеген жағдайға тап болды (фото)

Опубликовано:

балық
Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында балық аулап отырған 26 жастағы ер адам күтпеген жағдайға тап болды. Оның қармағына ойда-жоқта мылтық ілінген, деп хабарлайды Polisia.kz.

26 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны Есіл өзенінің жағасында маусым айының соңында балық аулағанын жеткізген.

Оның сөзінше, қармағына ауыр зат ілінген, тартып қалғанда судан мылтық шығыпты.

Бұл туралы ер адам бірден 102-ге хабарлап, жағдайды түсіндірген.

Табылған мылтық сараптамаға жіберіліп, соның нәтижесінде оның тіркелмеген 12 калибрлі қос ұңғылы “ТОЗ-34” аңшы мылтығы екені анықталды.

Зерттеу аяқталған соң, қару жойылатын болды.

Бұған қатысты өңірдің полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан Мәдиев пікір білдірді.

"Жігіттің қаруды тауып алғаны туралы бірден полицияға хабарлағаны дұрыс болды. Тіркелмеген қаруды сақтауға тыйым салынғаны туралы естеріңізге саламыз. Қаруды ішкі істер органдарына өз еркімен тапсыру, тек тапсырған адамның әрекетінде басқа қылмыстың құрамы болмаған жағдайда, заңсыз сақтағаны үшін жауапкершіліктен босатады", – деді ол.

Мылтық
Фото: Polisia.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977123-sqo-balyq-aulap-otyrgan-er-adam-kutpegen-zagdaiga-tap-boldy-foto/

pixel