Белгілі журналист екі айға қамауға алынды
Опубликовано:

3 шілдеде журналист Махамбет Абжан ақша бопсалау күдігімен ұсталған болатын. Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық соты Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Махамбет Абжанның қамауға алынғанын хабарлады.
Махамбет Абжан екі айға қамауға алынды.
"2022 жылғы 5 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Махамбет Абжанды 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген соттың хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет журналист Махамбет Абжанды ұстағанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977129-belgili-zurnalist-eki-aiga-qamauga-alyndy/