Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана күні Алматыда қандай іс-шаралар өтеді

Опубликовано:

Алматы
Астана күні Алматыда қандай іс-шаралар өтеді: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Астана күніне орай Алматының түрлі аудандарында концерттер мен бұқаралық ойын-сауық іс-шаралары өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Бүгін Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында сағат 12.00-де қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Бағдарламаға балаларға арналған ойын-сауық пен конкурстар кіреді.

Шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттер қайда өтеді

  • 12.00 – Түрксіб ауданында – Сауранбаев және Спартак көшелерінің қиылысында;
  • 15.00 – Сейфуллин көшесіндегі Mega Park сауда-ойын-сауық орталығының жанында;
  • 18.00 – Шұғыла, 347 мекенжайдағы Наурызбай ауданы әкімдігінің жанындағы алаңда.

Сағат 20.00-де Республика Сарайының жанындағы Абай алаңында 101 тобы, Парвиз Назаров, Кешью тобы, Үркер тобы, Айдана Меденова, Нұржан Керменбаев, Серік Ибрагимов және т.б. сынды эстрада жұлдыздары өнер көрсететін ашық аспан астындағы үлкен концерт өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977162-astana-kuni-almatyda-qandai-is-saralar-otedi/

pixel