Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 360 жағдайы тіркелді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Айта кетсек, бұған дейін елде дертті жұқтырудың 187 жағдайы тіркелген болатын. Ал үшінші шілде күні 158 адам коронавирус жұқтырған еді.

Дерт ең көп таралған өңір - Алматы қаласы. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 307 877 жетті. Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 59;

Алматы қаласында - 199;

Шымкент қаласында – 29;

Ақмола облысында – 4;

Ақтөбе облысында 1;

Алматы облысында - 17;

Атырау облысында - 10;

Шығыс Қазақстан облысында - 3;

Жамбыл облысында - 10;

Батыс Қазақстан облысында - 2;

Қарағанды облысында - 15;

Қостанай облысында - 2;

Қызылорда облысында - 2;

Маңғыстау облысында - 0;

Павлодар облысында - 3;

Солтүстік Қазақстан облысында - 3;

Түркістан облысында - 1.

6 шілдедегі мәлімет бойынша, елімізде 1 513 адам коронавирус инфекциясынан (–1 465+ және 48 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 250 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 12 адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977163-elimizde-koronavirus-zuqtyrgandardyn-sany-kurt-osti/

pixel