Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда көшелерінің біріндегі учаске бір жарым айға жабылатын болды

Опубликовано:

Жолдың жабылуы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елорда билігі қала тұрғындары мен қонақтарына Қарасай батыр көшесіндегі учаске уақытша жабылатынын ескертті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Учаскенің жабылуына құзырлы органдардың Қарасай батыр көшесі учаскесінде жол төсемін ашу арқылы жылу жолын монтаждау жұмыстарын бастауы себеп.

2022 жылғы 11 шілдеден 25 тамызға дейін жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Қарасай батыр көшесінің Бұланты көшесінен Арақарағай көшесіне дейінгі аралық көлік қозғалысы үшін толығымен жабылатын болады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977173-elorda-koselerinin-birindegi-ucaske-bir-zarym-aiga-zabylatyn-boldy/

pixel