Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнеп Ахметова: Атамның атына 200 метрге жетер-жетпес көше бергенде ағыл-тегіл жыладым

Опубликовано:

Зейнеп Ахметова келіндік өмірі туралы сыр шертті
Зейнеп Ахметова: elana.kz

"Халық қаһарманы" Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова Abai TV арнасының "Сарасөз" бағдарламасында қонақ болып, қайын атасына көше берілген кезді еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ата қайтыс болған соң екі жылдан кейін көше берілді. 200 метрге жетер-жетпес, бес-алты үйі бар көше, арғы жағы колхоз. Содан үйге келіп, ағыл-тегіл жылап жүрмін. "Қазаққа қатысы жоқ небір адамдарға қаланың ортасынан көше беріп жатыр. Солардың бірін атама беруге болмас па еді?, - деймін. Сөйтсе, марқұм Бәкең, Бақытжан Момышұлы: "Менің әкем біреудің атынан ескі шапан киіп көрген жоқ. Сондықтан біреудің атындағы көшені алу деген болмайды. Көресің, бұйырса әкемнің атындағы көше үлкен даңғылға айналады әлі. Асықпа", - деді.

Құдайдың құдыреті, қазір шынында да Алматыдағы ең үлкен көшелердің біріне айналды. Көшенің бойында ұлттық театр, 12 мың адам сыятын мұз сарайы, мешіт бар. Ең бастысы — адамдар көп тұрады. "Мен өлсем де, тірілердің арасында жүремін", - дейтін адам. Кезінде сол сөздің мағынасын түсінбеппіз. Қазір Қазақстанның қай қаласына барсаң да, атаның атында көше бар", - дейді Зейнеп Ахметова.

Айта кетелік, бұған дейін Зейнеп Ахметованың қазіргі ер адамдар туралы айтқан пікірін бөліскен едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977201-zeinep-axmetova-atamnyn-atyna-200-metrlik-kose-bergende-agyl-tegil-zyladym/

pixel