Дені Алматыдан: Өткен тәулікте елімізде тағы 330 адамнан COVID-19 анықталды
Опубликовано:

6 шілдедегі мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 330 адам тіркелді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Тelegram арнасында хабарлады.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 36,
- Алматы қаласында - 191,
- Шымкент қаласында – 28,
- Ақмола облысында – 11,
- Алматы облысында - 10,
- Атырау облысында - 9,
- Шығыс Қазақстан облысында - 4,
- Жамбыл облысында - 12,
- Батыс Қазақстан облысында - 1,
- Қарағанды облысында - 12,
- Қостанай облысында - 4,
- Қызылорда облысында - 3,
- Павлодар облысында - 4,
- Солтүстік Қазақстан облысында - 1,
- Түркістан облысында - 4.
Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1 308 207 жетіп отыр.
Айта кетейік, 7 шілдедегі мәлімет бойынша 1 734 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 263 пациент стационарда, 1 471 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Қазіргі таңда Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар арасында 12 адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977280-deni-almatydan-otken-taulikte-elimizde-tagy-330-adamnan-covid-19-anyqtaldy/