Алматының екі ауданында ыстық су уақытша өшіріледі
Опубликовано:

Алматының екі ауданында ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қаласының әкімдігінің әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
Түрксіб және Наурызбай ауданының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға ыстық су беру көшелер мен тұрғылықты жерлер контурларында шектелетін болады:
11-ші шілдеден 15-ші шілдеге дейін:
- Хмельницкий – Староэлеватор – Бакинский – Куйбышев;
- Шахтинская – Аяз би – Демченко – Атбасарский;
- Урицкий – Бейсебаев – Нұрсая – Бартольд;
- Остроумов – Красногорск – Дегдар – Остроумов.
11 шілдеден 1 тамызға дейін:
- Райымбек – Жуалы – Абай – Алтын орда.
"Шектеулер "Алматыжылужайэнерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977325-almatynyn-eki-audanynda-uaqytsa-ystyq-su-osiriledi/