Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ең жоғары балл – 139": Министрлік биылғы ҰБТ-ны қорытындылады

Опубликовано:

ҰБТ
Көрнекі фото: pixabay.com

Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Министрлік мәліметінше, ҰБТ қорытындысы бойынша биыл 154 мың талапкер екі мүмкіндікті де есептегенде 276 мың рет тест тапсырған.

"Тестілеу қорытындысы бойынша 103 мыңнан астам талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының 67 пайызын құрайды.

51 мыңға жуық мектеп түлегі (33 пайыз) шекті балл жинай алған жоқ. Биылғы ҰБТ-дағы орташа балл 66 балл.

Ең жоғары балл – 139. 3179 талапкер 120-дан жоғары балл жинады", - дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Сонымен қатар Руслан Емелбаев тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 322 талапкер шығарылғанын және олардың нәтижесі жойылғанын атап өтті.

Тестілеу кезіндегі бейнежазбаларды қарағаннан кейін тағы 15 адамның нәтижесі жойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977333-en-zogary-ball-139-ministrlik-biylgy-ubt-ny-qorytyndylady/

pixel