Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК Нидерланд Корольдігінің құзырлы органдарымен бірлесіп халықаралық есірткі арнасын жойды

Опубликовано:

ұсталды
Көрнекі фото: pexels.com

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан арқылы есірткі тасымалдайтын халықаралық есірткі синдикатын жою бойынша арнайы операция өткізді. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, бұл қылмыстық топ Таяу Шығыс пен Азия азаматтарынан құралған.

"Есірткі контрабандасы арнасының бағдары Ауғанстаннан бастау алып, одан әрі Қазақстан аумағы арқылы жүрген, ақырғы баратын жері Нидерланд болған.

Осы топ әрекетінің ауқымды географиясын ескере отырып, ҰҚК Нидерланд Корольдігінің құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл ұйымдастырды", - делінген хабарламада.

Операцияның сәтті іске асырылуына Орталық Азия өңірлік есірткіге қарсы күрес жөніндегі ақпараттық-үйлестіру орталығы мен Қазақстан Бас прокуратурасының қарқынды түрде жәрдем көрсетуі ықпал еткен.

"Бірлескен жедел іс-шаралар нәтижесінде халықаралық есірткі синдикатының басты қатысушылары анықталды", - деді ҰҚК.

Сондай-ақ Нидерланд аумағында бақыланатын жеткізілім барысында болжамды курьер ұсталып, одан Ауғанстанда өндірілген 30 келі героин тәркіленді.

Осыдан кейін Амстердам құқық қорғау органдары тінту барысында ірі есірткі плантациясын анықтаған.

Сарапшылардың дерегінше, тәркіленген есірткі құралдарының құны 2 млн АҚШ долларын құрайды.

"Анықталған фактілер бойынша Нидерланд құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізуде", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977338-uqk-iri-xalyqaralyq-esirtki-sindikatynyn-zansyz-areketinin-zolyn-kesti/

pixel