Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда құрбан шалуға рұқсат берілген орындар белгілі болды

Опубликовано:

мал
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы қаласында құрбан шалуға арналған 13 орын белгіленді. Бұл туралы мегаполистің бас имамы Оспан Төлеби айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл Алматыда құрбандық шалу рәсімі офлайн және онлайн режимінде өтеді.

"Алматы қаласының әкімдігі тарапынан офлайн форматта құрбандық шалуға және мал сатуға рұқсат етілген қала аумағында арнайы 13 орын бекітілді", - дейді Оспан Төлеби.

Оның сөзінше, атап айтар болсақ:

  • Алатау ауданы бойынша – Мырзахмет мешіті, Әскер ата мешіті, Алғабас мешіті, Әл-әзим мешіті;
  • Бостандық ауданы бойынша – Бақыткелді мешіті;
  • Медеу ауданы бойынша – Аманқұл ата мешіті, Фатима мешіті, Райымбек батыр мешіті;
  • Наурызбай батыр ауданы бойынша – Қалқаман мешіті, Қарағайлы мешіті және Таусамалы базары;
  • Түркісіб ауданы бойынша – Қайрат мешіті;
  • Жетісу ауданы бойынша – Войнах мешіті.

Айта кетейік, Құрбан Айт - мұсылмандардың ең маңызды мерекелерінің бірі, ол Ораза айттан соң 70 күннен кейін тойланады.

Биыл Құрбан айт 9 шілдеде басталып, үш күнге жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977348-almatyda-qurban-saluga-ruqsat-berilgen-oryndar-belgili-boldy/

pixel