Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"65 жастан асқандар барған жоқ": Бас мүфти биылғы қажылықтың басты ерекшеліктерін атап өтті

Опубликовано:

Бас мүфти биылғы қажылықтық ерекшеліктерін айтты
Көрнекі сурет: pixabay.com

Пандемия салдарынан екі жылдан бері қажылыққа рұқсат етілген жоқ. Сауд Арабиясы діни парызын өтейтін мұсылмандарды енді қабылдап жатыр. Биылғы қажылықтың талаптары мен ерекшеліктері туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Екі жыл бойы көптеген әлем елдерінің мұсылмандары жұқпалы індеттің кесірінен бес парыздың бірі қажылық рәсімдерін орындай алмады. Былтыр Сауд Арабиясы Корольдігі сырт елдерден қажылар қабылдаған жоқ. Ел ішіндегі санаулы ел тұрғындарымен ғана қажылық маусымын өткізді.

Аллаға шүкір, биыл қажылыққа рұқсат берілді. Екі жылға созылған үзілістен кейін әлем мұсылмандары зор құлшыныспен, үлкен ыждағатпен үлкен қажылық жасауда.

Биыл Сауд Арабиясы үлкен қажылыққа тек 1 миллион адамның ғана қатысуына рұқсат берді. Оның 85 пайызы әлем елдерінің мұсылмандары болса, қалған 15 пайызы – сол жердің жергілікті тұрғындары.

Биыл біздің елімізден 4 мың қажы ұлы сапарға аттанды. Әрине, пандемиядан кейін алғаш рет өткізіліп отырғаннан кейін Сауд Арабиясы арнайы талаптар қойды. Атап айтар болсақ, 65 жастан асқан үлкен кісілердің қажылыққа баруына рұқсат берілмеді.

Сол секілді COVID-ке қарсы екпенің екі дозасы мен ревакцинация алуды, 72 сағат бұрын алынған ПЦР тест нәтижесінің болуын талап етті. Елімізден барған 4 мың қажы осы талаптарды орындаған соң Сауд Арабиясына кіруге мүмкіндік алды.

Бүгінде олар қасиетті мекенде тиісті құлшылығын атқарып жатыр", - деді Наурызбай қажы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977372-65-zastan-asqandar-bargan-zoq-bas-mufti-biylgy-qazylyqtyn-basty-erekselikterin-atap-otti/

pixel