Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Найзағай
Көрнекі сурет: pixabay.com

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады. Бұл туралы Қазгидрометтің ресми сайтында хабарланды.

8 шілдеде күндіз Түркістан облысының солтүстігінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. 8-9 шілдеде түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Петропавл қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады. Екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында 8 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі, Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 күтіледі. 

Қарағанды қаласында найзағай күтіледі. 

 Жетісу облысының орталығында, шығысында және таулы аудандарда найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 

Талдықорғанда түнде найзағай күтіледі. 

Ақтөбе облысының түнде оңтүстігінде, күндіз солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977421-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel