Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Рыбакинаны "Уимблдон" финалына шығуымен құттықтады

Опубликовано:

Тоқаев1
Фото: Alexander Astafyev\TASS via Getty Images

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакинаны Уимблдон турнирінің финалына шығуымен құттықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан президенті өз құттықтауын Twitter парақшасында жариялады.

"Елена Рыбакинаны теннистегі ең беделді жарыс саналатын Уимблдон турнирінде табысты өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол финалға шықты", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирінің финалына шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, "Үлкен дулыға" турнирінің екі мәрте чемпионы (Франция ашық чемпионаты – 2018, Уимблдон – 2019), қазіргі кезде рейтингіде 18-сатыда тұрған румыниялық Симона Халеппен кездесті.

Финалда Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы тунистік Онс Жабермен (Тунис) кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977432-toqaev-rybakinany-uimbldon-finalyna-syguymen-quttyqtady/

pixel