Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатты жаңбыр, шаңды дауыл, бұршақ: Жұмада ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

жаңбырлы күн
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"Қазгидромат" РМК өкілдері 8 шілде, жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін ел аумағында күн жаңбырлы болады.

Орталықта, күндіз солтүстікте қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, дауыл, түнде және таңертең тұман, сондай-ақ оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Одан бөлек Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, күндіз Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады.

Сондай-ақ Қызылорда облысының басым бөлігінде, Абай облысының батысында, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында өрт қаупі сақталады.      

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977487-qatty-zanbyr-sandy-dauyl-bursaq-zumada-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel