Жаңбыр, найзағай, 41 градус ыстық: Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жаз мезгілі
Көрнекі фото: pexels.com

"Қазгидормет" РМК 9-11 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері республика бойынша ауа райы тұрақсыз болмақ. Атап айтқанда, найзағай ойнап, жел күшейеді, тіпті бұршақ жаууы мүмкін.

Ал еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі деп болжануда.

Сонымен қатар синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасы күндіз батыста +30+38°С, оңтүстік-батыста + 30+41°С, солтүстік-батыста + 22+33°С, солтүстікте, орталықта +22+30°С-қа дейін көтерілуі мүмкін.

Одан бөлек еліміздің шығысында сынап бағанасы + 17+25°С-тан +23+31°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +20+29°С-тан +23+32°С-қа дейін жоғарылауы ықтимал. Ал елдің оңтүстігінде ауа температурасы +27+35°С жылы болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977553-zanbyr-naizagai-41-gradus-ystyq-aldagy-demalys-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/