Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нұр-Сұлтан - Алматы" автожолын реконструкциялау қашан аяқталады

Опубликовано:

автожол
Көрнекі фото: primeminister.kz

Бүгін, 8 шілдеде премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барып, Нұр-Сұлтан - Алматы автожолының реконструкциялау барысын тексерді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Әлихан Смайылов өңірде бірінші кезекте Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларын байланыстыратын "Орталық-Оңтүстік" халықаралық транзиттік дәлізінің бір бөлігі "Қарағанды-Балқаш-Сарышаған" автожолын (1492,4-2005 км учаскесі) реконструкциялау барысымен танысқан.

"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаевтың айтуынша, жобаны 2023 жылдың желтоқсанында толық аяқтау жоспарланған. 

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, "ҚазАвтожол" биыл жол жамылғысының құрылымдық қабаттарын төсеу, жасанды құрылыстарды монтаждау және жол-құрылыс материалдарын дайындау жұмыстарын жалғастырады. Мәселен, республикалық маңызы бар "Қарағанды-Балқаш" және "Балқаш-Бурылбайтал" және тағы басқа автожолдарда кең ауқымды жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар барлық 8 учаскеде қайта басталды. 

Сонымен қатар көлік қозғалысы айналма және топырақ төселген жолдармен жүзеге асырылатын учаскелердің санын қысқартуға баса назар аударылады. Реконструкциялау жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл трассалар төрт жолақты І техникалық санатқа сәйкес келетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977562-nur-sultan-almaty-avtozolyn-rekonstrukciyalau-qasan-ayaqtalady/

pixel