Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көптеген алаяқтық фактісіне қатысты күдікті Таразда ұсталды

Опубликовано:

Тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Таразда тәртіп сақшылары алаяқтықтың 30 фактісіне қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, Алматы қаласының Алмалы аудандық полиция басқармасына алаяқтық бойынша жиырмадан астам адам арызданған.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ер адам инвестициялық компанияға ақша салғызу арқылы қомақты қаржы жинап, қашып кеткен.

Оның түскен ақшаны өзінің қажеттілігіне жаратып тастағаны белгілі болды.

Алмалы аудандық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов бұған қатысты пікір білдірді.

"Тараз қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ресей Федерациясының тумасы 30 жастағы ер адам ұсталды. Қазір қызметкерлер алаяқтықтың 30 фактісін дәлелдеді", - деді ол.

Ысқақов қазіргі уақытта "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс тіркелгенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977601-koptegen-alayaqtyq-faktisine-qatysty-kudikti-tarazda-ustaldy/

pixel