Ұлттық қаупісіздік комитеті бір айда 1,3 млрд теңгенің есірткісін тәркіледі

Опубликовано:

ұсталды
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ұлттық қауіпсіздік комитеті маусым айында есірткіге қарсы 21 операция, оның ішінде Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанның арнайы қызметтері мен құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізген, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

Комитет ұсынға ақпаратқа сәйкес, нәтижесінде есірткі трафигінің 6 халықаралық және 12 өңірлік арнасы жойылғаны белгілі болды.

Синтетикалық есірткі өндіретін 3 жасырын зертхананың қызметі бейтараптандырылды.

"Арнайы операциялар барысында есірткі құрылымының 31 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан 120,6 келі есірткі, оның ішінде 61,8 келі синтетикалық есірткі (206 мың "бір реттік дозаға" баламалы), 6 келі марихуана, 52,7 келі гашиш тәркіленді.

Бұдан басқа, психотроптық заттарды дайындауға арналған 6000 экстази таблеткасы және 2 тоннадан астам химиялық реагенттер айналымнан шығарылды", - делінген хабарламада.

Маусым айында алынған есірткінің жалпы сомасы "қара нарықта" 1.3 млрд теңгеден астам сомаға бағаланған.

Осы орайда Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғасып жатқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977606-ulttyq-qaupisizdik-komiteti-bir-aida-13-mlrd-tengenin-esirtkisin-tarkiledi/