Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шілде айында еліміздің екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін

Опубликовано:

Құрғақшылық
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер шілде айында еліміздің бірнеше өңірінде құрғақшылық болатынын болжап отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Мамандар ұсынған ақпаратқа сәйкес, Ақмола облысының Қорғалжын ауданында, Ақтөбе облысының Айтекеби және Хромтау аудандарында, Алматы облысының Алакөл ауданында, Қарағанды облысының Нұра және Қарқаралы аудандарында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында, Абай облысының Семей қаласы маңайында және Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын тапшылығы күтіледі.

Сонымен бірге синоптиктер Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында құрғақшылық болуы мүмкін деп болжап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977610-silde-aiynda-elimizdin-eki-oblysynda-qurgaqsylyq-boluy-mumkin/

pixel