Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтай Көлгінов елорда атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Астана
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елордаға бұрынғы атауы қайтарыла ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Брифинг барысында БАҚ өкілдері бұл мәселе көптеген қазақстандықты толғандыратынын және кейбір ел тұрғыны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына петиция дайындағын атап өтті.

Осыған байланысты журналистер елорда әкімінен "қаланың бұрынғы атауы қайтарыла ала ма?" деп сұрады.

"Тарихи шешім қабылданды. Қаланың ресми атауы – Нұр-Сұлтан. Біз осы қалада тұрамыз және жұмыс істейміз", – деп жауап берді Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар ол үнемі атауы ауысып тұратындардың жақтаушысы емес екенін айтты.

"Мен бәрінің атауын өзгертуді жақтамаймын, шешім қабылданды. Ал қабылданған шешімдерге баға бермеймін", - деді елорда әкімі.

Еске сала кетсек, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа Нұр-Сұлтан қаласының атауы қайтадан "Астана" деп өзгертіле ме деген сауал қойылды. Ол "әзірге бұған ешқандай себеп көріп тұрған жоқпын" деп жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977627-elordanyn-atauy-ozgere-me-altai-kolginov-zauap-berdi/

pixel