БҚО-да ағайынды жігіттер Жайық өзеніне батып кетті
Опубликовано:

Оралда ағайынды екі жігіт Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті растады.
Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға 8 шілде күні Орал қаласына қарасты Меловые горки кенті аумағында болған.
"Сағат 17.35-те екі адамның жабдықталмаған жерден Жайық өзеніне батып кеткені жөнінде хабарлама келіп түсті. Жедел құтқару жасағының күшімен іздестіру жұмыстары барысында 1991 және 2003 жылғы ағайынды жігіттердің денесі судан шығарылды", - делінген хабарламада.
Осы орайда төтенше жағдайлар департаменті суға шомылу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін еске салды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977680-bqo-da-agaiyndy-zigitter-zaiyq-ozenine-batyp-ketti/