Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшеде оқ атқан тараздық полицейдің әрекеті видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

тәртіп сақшысы
Видеодан кадр: instagram.com/zhambyl_police

Әлеуметтік желіде Тараздағы көшелердің бірінде қару қолданып, оқ атқан тәртіп сақшысының видеосы пайда болды. Бұған қатысты Жамбыл облысының полиция департаменті пікір білідіріп, жағдайды баяндады.

Кадрдан полиция қызметкерінің итті бірнеше рет атқанын байқауға болады.

Ведомство мәліметінше, 8 шілде күні сағат 13:50-де 102 тетігіне екі адамның алкогольдік сусын ішіп отырғаны, ал олардың жанында тұмылдырықсыз иттің бар екені туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 1979 және 1986 жылы туған жергілікті екі тұрғынды анықтады.

43 жастағы ер адам "Питбультерьер" тұқымды итіне тұмылдырық кигізу туралы тәртіп сақшыларының талабына жауап бермеді. Ал босанып кеткен ит айналада жүрген адамдарға қауіп тудырған.

"Қайғылы оқиғаның алдын алу үшін патрульдік полиция батальонының инспекторы табельдік қарудан оқ атты. Зардап шеккендер жоқ. Ит тірі және ол иесінің әйеліне қайтарылды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977684-kosede-oq-atqan-tarazdyq-policiya-qyzmetkerinin-areketi-videoga-tusip-qaldy/

pixel