Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құрбан айт келді": Елорданың орталығында жүрген қой жұрттың көңілін көтерді

Опубликовано:

Қой
Видеодан кадр: shchuchinsk_life

Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласында жүрген қойдың видеосы тарап, көпшіліктің көңілін көтерді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі shchuchinsk_life тобында жарық көрді.

Кадрдан елорданың орталық көшесінің бірінде жүрген қойды байқау қиын емес. Роликте төрт түліктің көлік қатынасына кедергі келтіріп, жолдың келесі бетіне өткені де көрінеді.

Қойдың бұл әрекеті оқырмандардың басым бөлігінің көңілін көтерген.

"Құрбан айт қабыл болсын", "Өлгісі келмей, қашып кеткен секілді", "Видеоны көріп, қатты күліп қалдым", "Құрбан айттың келгенін бірден білуге болады", "Қойдың өлгісі келмейтінін бағдаршамның жасылына өткеннен-ақ байқауға болады", "Қойға тез арада киноға түсу керек", "Қойға да жан керек екен", - деді олар.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Құрбан айт мерекесін қалай өткізу керектігін айтып берген еді.

Бас мүфтидің сөзінше, Құрбан айтта жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет.

Адам баласы құрбандық шалу арқылы Алланың берген ризық-несібесіне шүкір етеді. Құдайдың нәсіп еткен мал-дүниесінің бір бөлігін көмекке мұқтаж жандарға үлестіріп, олардың да ақысын беріп, қуанышқа бөлейді, дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977701-qurban-ait-keldi-elorda-koselerinde-zurgen-qoidyn-areketi-zurttyn-konilin-koterdi/