Коронавирус: "Сары" аймақта тұрған өңірлер бар ма
Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
9 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:
- "Қызыл" аймақта бірде-бір өңір жоқ.
- "Сары" аймақта : Алматы қаласы.
- "Жасыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 8 шілде күні коронавирус жұқтырған 416 адам тіркелгенін жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977707-koronavirus-sary-aimaqta-turgan-onirler-bar-ma/