Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Опубликовано:

кісен
Көрнекі фото: pixabay.com

Сот санкциясымен наурыз айында қамауға алынған Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты ресми сайтында хабарлады.

"2022 жылғы 9 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Г. Сатыбалдыға қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, биылғы жылдың наурыз айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғанын хабарлаған еді. Ол "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы қаражатын аса ірі көлемде жымқыру фактісі бойынша күдікке ілінген.

Кейін оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдының да ұсталғаны белгілі болды. Жемқорлыққа қарсы агенттік Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

Одан бөлек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалдының Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

18 наурызда Гүлмира Сатыбалды сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. 13 мамырда оны қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977731-gulmira-satybaldyny-qamauda-ustau-merzimi-tagy-uzartyldy/

pixel