Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрлігі Қазақстан мен Беларуське қатысты тараған ақпаратқа пікір білдірді

Опубликовано:

Қорғаныс
Фото: Қорғаныс минитрлігінің баспасөз қызметі

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Беларусь әскери білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тоқтататыны туралы құжаттың фотосуреті тарады. Еліміздің Қорғаныс министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды stopfake.kz.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған Беларусь Республикасымен әскери білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тоқтату туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, материалдар АЕК-те (ақпаратты есепке алу кітабында) тіркелді", – дейді ведомстводан.

Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарды тек ресми деректерге ғана сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977737-ministrlik-qazaqstan-men-belarus-askeri-bilim-beru-salasyndagy-yntymaqtastyqty-toqtatqany-turaly-aqparat-zalgan/

pixel