165-і Алматыдан: Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны тағы өсті
Опубликовано:

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 477 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды, деп хабарлайды елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram-арнасында.
9 шілдеде коронавирус анықталған 477 адамның:
- 120-ы Нұр-Сұлтан қаласынан;
- 165-і Алматы қаласынан;
- 44-і Шымкент қаласынан;
- 14-і Ақмола облысынан;
- 40-ы Алматы облысынан;
- 1-і Шығыс Қазақстан облысынан;
- 17-і Жамбыл облысынан;
- 4-і Батыс Қазақстан облысынан;
- 34-і Қарағанды облысынан;
- 7-і Қостанай облысынан;
- 9-ы Қызылорда облысынан;
- 5-і Маңғыстау облысынан;
- 5-і Павлодар облысынан;
- 5-і Солтүстік Қазақстан облысынан;
- 7-і Түркістан облысынан.
Осылайша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 309 434 жетіп отыр.
Айта кетейік, қазіргі таңда коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша, Алматы қаласы "сары" аймақта.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977740-165-i-almatydan-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-tagy-osti/