Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте ҚАЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы азамат ұсталды

Опубликовано:

Кісен салу
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкентте қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы тұлға ұсталды. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторында, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, ҚАЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы азамат биылғы жылдың 9 шілдесінде өзінің қызметтік кабинетінде ұсталған.

"Сотқа дейінгі тергеу амалдары парақорлық фактісі бойынша жүріп жатыр. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты бұлтартау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр", - деп хабардар етті ІІМ.

Сонымен қатар ведомство жемқорлық мәселесі Ішкі істер министрлігінің күнделікті бақылауында екенін атап өтті.

"Мұндай фактілер туралы бірден ІІМ өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлау керек", - дейді ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977755-symkentte-qazd-bastygynyn-mindetin-uaqytsa-atqarusy-tulga-ustaldy/

pixel