Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты көше қиылысы уақытша жабылады

Опубликовано:

Жол жөндеу1
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты көше қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Алматы жылу жүйесі желідегі парақшасында.

"2022 жылғы 12-15 шілде аралығында Медеу ауданының аумағындағы Мәметова және Уалиханов көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.

Алматы жылу жүйесі мекемесінің мәліметінше, аталған көшелердегі магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіліп отыр.

"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп қосты Алматы жылу жүйесі ЖШС.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977795-almatyda-zondeu-zumystaryna-bailanysty-kose-qiylysy-uaqytsa-zabylady/

pixel