Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайын ағасына сәлем салған 70 жастағы әже елді тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Әже сәлем салуда
Видеодан кадр: Instagram/shyndykz

Әлеуметтік желіде егде жасқа келсе де қайын ағасына сәлем салып жүрген әжейдің видеосы тарап, елдің ыстық ықыласына бөленді. Желі қолданушылары оның қайын жұртына деген сыйластығына тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желіні жарған әжейдің видеосы shyndykz парақшасында жарияланған. Онда қарт әженің бөлмеге қайын ағасы кірген бойда сәлем салып жатқанын көруге болады.

Видео авторының мәліметінше, әжейдің жасы 70-те, ал қайын ағасы 85 жаста екен.

Желі қолданушылары әжейдің көрсеткен құрметіне тәнті болып, оған жылы лебізін білдірген.

"Бүгінгі келіндерге нағыз үлгі. Жасына қарамай әлі де сәлем салып жүр", "Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды. Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды. Ғұмырлы болыңыз әже", "Көненің көзі", "Әжеден үлгі алыңдар", "Үлкен сый, керемет көрініс", "Сыйлаған соң осылай сыйлау керек", "Қазақтың тектілігі осындай", "Қандай ғажап көрініс. Риза болып отырмын", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977823-qaiyn-agasyna-salem-salgan-70-zastagy-aze-eldi-tanti-etti-video/

pixel